МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Денсаулық мәселесіне қазірден дайын болыңыз
Дайындық неге маңызды? Сіз күтпеген жерден ауруханаға түсіп, жедел медициналық көмекке мұқтаж болып қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайға алдын ала дайындалатын болсаңыз, сізге ең жақсы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұған қоса, өмірге және Ехобаның қанға қатысты заңына құрмет көрсетесіз (Е.і 15:28, 29).
Қалай дайындала аласыз?
-
Жақсылап ойланып, дұға етіп, “Өз еркін білдіру және сенімхат” (ЕБС) құжатын толтырып қойыңыз a. Шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар осы құжатты және кәмелетке толмаған балаларға арналған “Жеке куәлікті” әдебиетке жауапты бауырластан ала алады.
-
Жүкті болсаңыз, ақсақалдардан “Жүкті бауырластарға арналған нұсқаулықты” (S-401) сұраңыз. Жүктілік немесе босану кезінде қиындық туындаса, бұл құжат сізге дұрыс шешім қабылдауға көмек болады.
-
Сізге қанмен байланысты ем-шара қабылдау керек болса не ауруханаға жататын болсаңыз, қауым ақсақалдарын алдын ала хабардар етіңіз.
Ақсақалдар қандай көмек көрсетеді? Олар сізге “Өз еркін білдіру және сенімхат” құжатын толтыруға көмектесе алады. Алайда ақсақалдар сіздің орныңызға шешім қабылдамайды және жеке шешімге байланысты мәселелерге келгенде өз пікірлерін айтпайды (Рм 14:12; Ғл 6:5). Қанмен байланысты мәселе туындаған жағдайда, ақсақалдар бірден Ауруханалармен байланыс комитетіне (АБК) хабарласады.
АБК қандай көмек көрсетеді? Бұл комитеттегі арнайы дайындықтан өткен бауырластар дәрігерлер мен заңгерлерге біздің қанға қатысты діни ұстанымымызды түсіндіре алады. Олар дәрігеріңізге қансыз ем-шаралар жайлы айтып, түсіндіріп бере алады. Қажет болып жатса, сізге қансыз емдеуге келісетін дәрігерлер табуға көмектеседі.
“ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНДЕ ҚАНҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Қанмен байланысты шұғыл мәселеге дайын болу үшін, осы видеодан қандай ойлар түйдіңіз?
a Қанды пайдалануға қатысты шешім қабылдауға “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының 39-сабағы жақсы көмек болады.