Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Еске алу мезгіліне қатысты мақсаттар қойыңыз

Еске алу мезгіліне қатысты мақсаттар қойыңыз

Жыл сайын Ехобаның халқы Еске алу кешін бірге атап өтуді асыға күтеді. Еске алу мезгілінде, яғни Еске алу кешіне дейінгі және кейінгі апталарда төлем құрбандығы үшін Ехобаға ризашылық білдіріп, оны мадақтауға ерекше мүмкіндік туады (Еф 1:3, 7). Мысалы, біз Еске алу кешіне мейлінше көп адам шақыруға барымызды сала аламыз. Ол үшін кейбіреуіміз кестемізге өзгеріс енгізіп, наурыз бен сәуір айларында қосалқы ізашарлық алып, 30 не 50 сағат уағыздаймыз. Сіз де Еске алу мезгілінде көбірек уағыздағыңыз келер ме еді? Бұл үшін не істесеңіз болады?

Жиі біз алдын ала жоспар құрған кезде жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатамыз (Н.с 21:5). Еске алу мезгілі жақындап қалғандықтан, қазірден жоспар құрып қойғаныңыз дұрыс. Сол мезгілде әдеттегіден көбірек уағыздау үшін не істей алатыныңызды қарастырып, мақсат қойыңыз. Кейін сол мақсатыңызға жету үшін не істейтініңізді ойластырыңыз. Ехобаға дұға етіп, талпынысыңызға батасын беруін сұраңыз (Ж1х 5:14, 15).

“Еске алу мезгілінде көбірек уағыздау үшін не істей аламын?” деп ойланыңыз.