МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Құдайдың ой қалпын танып-біліңіз
Біз әрбір ісімізбен Ехобаны қуантқымыз келеді (Н.с 27:11). Бұл үшін біз Ехобаның ойын ескеріп шешім қабылдауымыз керек, тіпті нақты заңдар болмаған кезде де. Ехобаның ойын ескеруге бізге не көмектеседі?
Киелі кітапты жүйелі түрде зерттеп тұрыңыз. Киелі кітапты оқыған кезде, біз Ехобамен бірге уақыт өткізгендей боламыз. Ехобаның ой қалпын танып-білу үшін оның өз халқына қалай қарағанына мән бергеніміз дұрыс, сондай-ақ оның көз алдында жаман не жақсы нәрсе жасаған адамдардың оқиғаларын зерттесек болады. Киелі рух Құдай Сөзінен білген маңызды ойлар мен принциптерді шешім қабылдайтын кезде есімізге сала алады (Жх 14:26).
Ізденіс жасаңыз. Шешім қабылдау керек кезде: “Ехобаның бұл жағдайға қатысты не ойлайтынын Киелі кітаптағы қай оқиғадан, қай тармақтан білсем болады?”— деп ойланыңыз. Ехобадан көмек сұрап дұға етіңіз, сондай-ақ жағдайыңызға сай келетін Киелі кітап принциптерін тауып, оларды өмірде қолдану үшін, өз тіліңізде бар ізденіс құралдарын қараңыз (Зб 25:4).
“БІЗ “ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҮГІРУІМІЗ” ҚАЖЕТ: ҚҰНАРЛЫ ТАҒАМДЫ ЖЕУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Видеодағы жас қыз бауырлас қандай қысым көрді?
-
Жастар, сендер де осындай қысымға төтеп беру үшін ізденіс құралдарын қалай қолдансаңдар болады?
-
Шешім қабылдамас бұрын ізденіс жасауға және терең зерттеу жүргізуге уақыт бөлсек, бұның қандай пайдасын көреміз? (Ев 5:13, 14).