Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

15—21 қаңтар

ӘЙҮП 36, 37

15—21 қаңтар

147-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Ехобаның мәңгі өмір сыйлаймын деген уәдесіне неге сенуге болады?

(10 мин.)

Құдайдың өзі мәңгі жасайды (Әп 36:26; w15 1.10. 13-б., 1, 2-абз.)

Ехобаның даналығы мен құдіретінің арқасында Жер бетіндегі тіршілік мәңгілікке жалғасады (Әп 36:27, 28; w20.05 22-б., 6-абз.)

Ехоба бізге мәңгі өмірге ие болудың жолын көрсетеді (Әп 36:4, 22; Жх 17:3)


Ехобаның мәңгі өмірге қатысты уәдесіне нық сенгеніміз қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі (Ев 6:19; w22.10 28-б., 16-абз.)

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Әп 37:20. Киелі кітап заманында жаңалықтар мен ақпараттар адамдарға қалай жеткен? (it-1 492-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. (lmd 3-сабақ, 3-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. (lmd 2-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Баяндама. ijwfq-U 57-мақала, 5—15 абз. Тақырыбы: “Холокост кезінде Ехоба куәгерлері қалай қуғындалды?” (th 18-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

49-ән

7. Медициналық ем-шара алу немесе ота жасату қажет болатын жағдайға дайын болыңыз

(15 мин.) Талқылау. Ақсақал жүргізеді.

Ехобаның ұйымы Құдайдың қанға қатысты заңына бағына алуымыз үшін қажеттінің бәрін беріп жатыр (Е.і 15:28, 29). Сіз олардың пайдасын көріп жүрсіз бе?

“Өз еркін білдіру және сенімхат” (ЕБС) және “Жеке куәлік”: Бұл құжаттарда науқас өзінің қанға қатысты еркін білдіре алады. Шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар осы құжатты және кәмелетке толмаған балаларға арналған “Жеке куәлікті” әдебиетке жауапты бауырластан ала алады. Бұл құжаттарды үнемі өзімізбен алып жүруіміз керек. Егер сізге осы құжатты толтыру не жаңарту керек болса, оны кейінге қалдырмаңыз.

“Жүкті бауырластарға арналған нұсқаулық” (S-401) және “Ота не химиотерапия қажет науқастарға арналған нұсқаулық” (S-407): Бұл құжаттар медициналық көмек қажет болғанда, әсіресе қанмен байланысты мәселелер туындағанда, сізге алдын ала дайын болуға көмектеседі. Жағдайыңызға қарай қандай құжат қажет болса, сол құжатты ақсақалдарыңыздан сұраңыз.

Ауруханалармен байланыс комитеті (АБК): Бұл комитеттегі арнайы дайындықтан өткен ақсақалдар дәрігерлер мен жариялаушыларға қанға қатысты ақпарат бере алады. Олар дәрігеріңізбен сөйлесіп, қансыз ем-шаралар жайлы айта алады. Қажет болып жатса, қансыз емдеуге келісетін дәрігер табуға көмектеседі. Бұл бауырластар 24/7 байланыста болады. Егер сізге ауруханаға жату, ота жасату не қатерлі ісікке байланысты қандай да бір терапия алу қажет болса, мүмкіндігінше тезірек АБК-мен хабарласыңыз. Тіпті сіздің жағдайыңызда қан құйдырудың қажеті болмайды деп ойласаңыз да. Бұның жүкті бауырластарға да қатысы бар. АБК-мен хабарласу үшін ақсақалдардан олардың байланыс мәліметтерін сұрап алыңыз.

“Ауруханалармен байланыс комитетінің” көмегі қандай?” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

Егер сізге медициналық көмек қажет болса не ота жасатайын деп жатсаңыз, АБК қалай көмектесе алады?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 67-ән және дұға