Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

19—25 ақпан

ЗӘБҮР 8—10

19—25 ақпан

2-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Уа, Ехоба, мен сені мадақтаймын!”

(10 мин.)

Ехоба бізге бар жақсыны берді (Зб 8:3—6; w21.08 3-б. 6-абз.)

Біз өзгелерге Ехобаның ғажап істері жайлы айтып, оны бар жүрегімізбен мадақтаймыз (Зб 9:1; w20.05 23-б., 10-абз.)

Жан-тәнімізбен ән шырқағанда да, Ехобаны мадақтаймыз (Зб 9:2; w22.04 7-б., 13-абз.)

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Ехобаны тағы қалай мадақтай аламын?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 8:3. Дәуіт Ехобаның жаратылыстары жайлы ойланғанда не түсінген? (w23 03 19-б., 14-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесі Құдайға сенбейтінін айтады. (lmd 5-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Алдыңғы жолы сөйлескенде адам Құдайға сенбейтінін айтқан болатын. Бірақ ол Жаратушының бар екенінің айғақтарын қарастыруға қарсы емес. (th 7-сабақ)

6. Баяндама

(5 мин.) w21.06 6, 7-б., 15—18 абз. Тақырыбы: “Зерттеушіңізге Ехобаны мадақтауға көмектесіңіз”. (th 10-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

10-ән

7. Қалай еркін түрде бейресми куәлік бере аламыз?

(10 мин.) Талқылау.

Ехобаны көбірек мадақтаудың бір жолы — күнде кезіктіретін адамдарға куәлік беру (Зб 35:28). Бірақ алғашында біз бейресми куәлік беруден жүрексінетін шығармыз. Десе де әңгімені бастап, оны өз бабымен өрбітуді үйреніп алсақ, бейресми куәлік беруде жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз және өзіміз де бұдан рақат аламыз.

“Татулық туралы ізгі хабарды” айтуға дайын болыңыз. Өзіңіз сөз бастаңыз” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Осы қойылымнан нәтижелі бейресми куәлік беруге қатысты не үйрендіңіз?

Әңгіме бастауға көмек болар кеңестер:

  •   Үйден шыққан сәттен бастап бейресми куәлік берудің мүмкіндіктерін іздеңіз. Ехобаға дұға етіп, ақжүректі адамдарды кезіктіруін сұраңыз

  •   Достық пейіл танытып, адамға қызығушылық білдіріңіз. Адамға қарап оған Киелі кітаптағы қандай шындық тартымды болатынын ойлап көріңіз

  •   Орынды болса, онымен қалай байланысуға болатынын сұраңыз

  •   Әңгімеңіз аяқталып, куәлік беріп үлгермесеңіз, көңіліңіз түспесін

  •   Әңгімелесіп болған соң адам жайлы ойлаңыз. Оған әрі қарай да қызығушылық танытып, Киелі кітап тармағының я болмаса jw.org сайтындағы бір мақаланың сілтемесін жіберіңіз

Былай істеп көріңіз: Егер біреу “демалыс күндерің қалай өтті?” деп сұраса, қауым кездесулерінен білгендеріңіз жайлы немесе Киелі кітап тәлімгері ретінде немен айналысқаныңызды айтып беріңіз.

8. Жергілікті қажеттіліктер

(5 мин.)

9. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 65-ән және дұға