Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

22—28 қаңтар

ӘЙҮП 38, 39

22—28 қаңтар

11-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Жаратылыстарды бақылауға уақыт бөлесіз бе?

(10 мин.)

Жерді жаратып болған соң, Ехоба уақыт бөліп, өз ісіне баға беріп отырған (М1ж 1:10, 12; Әп 38:5, 6; w21.08 9-б., 7-абз.)

Періштелер Ехобаның жаратылыстарын бақылау үшін уақыт тапқан (Әп 38:7; w20.08 14-б., 2-абз.)

Сәл кідіріп, Ехобаның жаратылыстарына зер салсақ әрі оларды бағаласақ, сеніміміз қатаяды (Әп 38:32—35; w23.03 17-б., 8-абз.)

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Әп 38:8—10. Осы тармақтардан Ехобаның Заң шығарушы екеніне қатысты не білеміз? (it-2 222-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(2 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамның сөйлескісі келмей тұрғанын байқаған соң, әңгімені жағымды мәнерде аяқтаңыз. (lmd 2-сабақ, 3-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(5 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Алғаш сөйлескенде үй иесі жуырда жақын адамынан айырылып қалғанын айтқан болатын. (lmd 9-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Баяндама

(5 мин.) lmd A қосымшасы, 1-тақырыпша. Тақырыбы: “Орын алып жатқан оқиғалар мен адамдардың мінез-құлқына қарап, жақында жағдай өзгеретінін білуге болады”. (th 16-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

111-ән

7. Жаратылыстарды бақылау арқылы ненің маңызды екенін есте ұстайық

(15 мин.) Талқылау.

Шайтан мен үш доссымағы қысым көрсетіп, жала жапқанда, Әйүп тек сол туралы ойлай берді.

Әйүп 37:14 оқыңыз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Әйүпке есін жиып, рухани аяққа тұруға не көмектесті?

Қиындыққа батып кеткенде, айналамыздағы жаратылыстарға назар тігейік. Сонда Ехобаның қаншалықты Ұлы Құдай екенін түсінеміз, оған адал болып қалуға деген шешімімізде нық тұрамыз әрі қамымызды ойлайтынына кәміл сенетін боламыз (Мт 6:26).

“Әйүп кітабынан адалдық жайлы сабақ аламыз: Жан-жануарлар” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Бұл видео Ехобаға деген сеніміңізді қалай нығайтты?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 54-ән және дұға