26 ақпан — 3 наурыз
ЗӘБҮР 11—15
139-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)
1. Өзіңізді Ехобаның бейбіт жаңа дүниесінде елестетіңіз
(10 мин.)
Бүгінде орын алып жатқан қатыгездік — қоғамдық тәртіпсіздіктің салдары (Зб 11:2, 3; w06 1.6. 8-б., 3-абз.)
Ехоба жуырда қатыгездікті жоқ қылады (Зб 11:5; wp16.4 11-б.)
Ехобаның құтқарамын деген уәдесін есте ұстасақ, оны шыдаммен күте аламыз (Зб 13:5, 6; w17.08 7-б., 15-абз.)
БЫЛАЙ ІСТЕП КӨРІҢІЗ: Езекиел 34:25-ті оқып, сол тармақта сипатталған бейбіт заманда өмір кешіп жатқаныңызды елестетіңіз. (kr 236-б., 16-абз.)
2. Рухани асыл тастар
(10 мин.)
-
Зб 14:1. Осы тармақта сипатталған көзқарас мәсіхшілерге қалай әсер етуі мүмкін? (w13 15.9. 18-б., 12-абз.)
-
Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?
3. Киелі кітапты оқу
(4 мин.) Зб 13:1—14:7 (th 2-сабақ)
4. Әңгіме бастау
(2 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамды Еске алу кешіне шақырыңыз. (lmd 5-сабақ, 3-тақырыпша)
5. Әңгіме бастау
(1 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Адамды Еске алу кешіне шақырыңыз. (lmd 3-сабақ, 4-тақырыпша)
6. Әңгіме бастау
(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Адам сіздің шақыруыңызға қызығушылық танытады. (lmd 7-сабақ, 4-тақырыпша)
7. Шәкірт дайындау
(5 мин.) lff 13-сабақ, түйіндеме, қайталау және мақсат. “Қосымша ізденіңіз” бөлігіндегі мақаланың көмегімен зерттеушіңізге Құдайдың жалған дінге қалай қарайтынын түсіндіріңіз. (th 12-сабақ)
8-ән
8. “Қару-жарақтан гөрі даналық артық”
(10 мин.) Талқылау.
Қатыгездік жер жаһанды жайлап барады. Қатыгездік жайлы естіп-білгеніміз, өзіміздің қатыгездік көргеніміз бізді қатты уайымдататынын Ехоба жақсы біледі. Сондай-ақ ол біздің қорғанышқа мұқтаж екенімізді де түсінеді. Ехоба бізді түрлі жолдармен қорғайды. Соның бірі — өзінің Сөзі, Киелі кітап арқылы (Зб 12:5—7).
Киелі кітаптың даналығы “қару-жарақтан. . . артық” (Уғ 9:18). Келесі принциптер қатыгездіктің құрбаны болудан қалай қорғайтынын қарастырайық:
-
Уғ 4:9, 10. Қауіпті жерлерде жалғыз жүрмеңіз
-
Н.с 22:3. Көпшілік жерлерде жүргенде айналаңызда не болып жатқанына мұқият болыңыз
-
Н.с 26:17. Сізге қатысы жоқ дау-жанжалға араласпаңыз
-
Н.с 17:14. Бір жамандықтың боларын сезсеңіз, сол жерден кетіп қалыңыз. Көтеріліске шыққан тобырға жоламаңыз
-
Лқ 12:15. Дүние-мүлкіңізді қорғаймын деп, өміріңізге қауіп төндірмеңіз
“Сенімі жоқтарға емес, сенімі барларға еліктеңіз. Ләмехке емес, Енохқа” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:
Қатыгездікке кезіккенде, Енохтың үлгісі отағасына дұрыс шешім қабылдауға қалай көмектесті? (Ев 11:5).
Кей жағдайларда мәсіхші өзін не дүние-мүлкін қорғау үшін бірдеңе істеуім керек деп шешуі мүмкін. Бірақ ол кісі өліміне кінәлі болып қалмас үшін өте сақ болуы керек (Зб 51:14; 2017 жылғы “Күзет мұнарасының” шілде айындағы санының “Оқырман сауалдарын” қараңыз).
9. Еске алу кешіне шақыру науқаны 2 наурыз, сенбі күні басталады
(5 мин.) Ақсақалдың баяндамасы. Шақыру науқанына, арнайы баяндамаға және Еске алу кешіне қатысты қандай шаралар ұйымдастырылғанын айтып өтіңіз. Жариялаушыларға наурыз бен сәуір айларында 15 сағаттық нормамен қосалқы ізашар бола алатындарын айтыңыз.
10. Қауымда Киелі кітапты зерттеу
(30 мин.) bt 6-тар., 9—17 абз.