Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8—14 қаңтар

ӘЙҮП 34, 35

8—14 қаңтар

30-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Өмір әділетсіз болып көрінгенде

(10 мин.)

Ұмытпаңыз, Ехобаның әділетсіздікке баруы мүмкін емес (Әп 34:10; wp19.1 8-б., 2-абз.)

Әділетсіздер істері үшін жазаланбай жүргендей көрінуі мүмкін, бірақ Ехоба бәрін көріп тұр (Әп 34:21—26; w17.04 10-б., 5-абз.)

Әділетсіздіктің құрбаны болғандарға көмектесудің ең жақсы жолы — оларға Ехоба жайлы тәлім беру (Әп 35:9, 10; Мт 28:19, 20; w21.05 6-б., 19, 20-абз.)

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Әп 35:7. Елиху Әйүптен: “Әлде [Құдай] сізден бір игілік көре ме?”— деп сұрауымен не айтқысы келді? (w17.04 28-б., 3-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Киелі кітапты зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 10-сабақ, 3-тақырыпша)

5. Әңгіме бастау

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Баласы бар адамға jw.org сайтынан ата-аналарға пайдалы мәліметтерді қалай табуға болатынын көрсетіңіз. (lmd 1-сабақ, 4-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

58-ән

7. “Құдай сөзін” бейресми уағыздауға ықыластысыз ба?”

(15 мин.) Талқылау.

Елші Пауыл Тімөтеге: “Құдай сөзін уағызда,.. мұны кейінге қалдырмай атқар”,— деген (Т2х 4:2). “Кейінге қалдырмай атқар” деп аударылған грек етістігі әскери термин ретінде де қолданылған. Бұл сөз сарбаздың не күзетшінің өз орнында тұрып, әрдайым әрекет етуге дайын екенін білдірген. Бұл тіркес біздің бейресми куәлік етуге деген ықыласымызды жақсы сипаттайды. Біз де қарапайым әңгімені куәлікке ұластырудың мүмкіндігін әрдайым қалт жібермейік.

Біз Ехобаны жақсы көреміз, барлық жақсылықтарына ризамыз. Сондықтан оның көркем қасиеттері жайлы басқаларға ынта-ықыласпен айтамыз.

Зәбүр 71:8 оқыңыз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Ехобаның қандай жақсылығын басқаларға айтқыңыз келеді?

Біз адамдарды жақсы көргендіктен де, оларға бейресми куәлік береміз.

“Жүздеген адам шындықты тапты” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  •   Бейресми куәлік жүздеген адамға шындықты табуға қалай көмектесті?

  •   Бұрын шіркеуге барған осы кісілер шындықты тапқандарының қандай пайдасын көрді?

  • Адамдарды жақсы көргеніміз бейресми куәлік беруге ықыласымызды қалай арттырады?

  • Неге бейресми куәлік адамдарға Ехобаны тануға көмектесудің тиімді жолы дей аламыз?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 138-ән және дұға