Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

27 қаңтар — 2 ақпан

ЗӘБҮР 140—143

27 қаңтар — 2 ақпан

44-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Дұғаңызға сай әрекет етіңіз

(10 мин.)

Біреу сізге кеңес берсе, оны қабылдауға дайын болыңыз (Зб 141:5; w22.02 12-б., 13, 14-абз.)

Ехобаның осыған дейін сізге және басқаларға қалай көмектескені жайлы ойланыңыз (Зб 143:5; w10 15.3. 32-б., 4-абз.)

Барлық нәрсеге Ехоба сияқты қарауға тырысыңыз (Зб 143:10; w15 15.3. 32-б., 2-абз.)

Зәбүр 140—143 тарауларда Дәуіттің көмек сұрап жалбарынған өтініштері ғана емес, оның сол дұғаларына сай әрекет еткені де жазылған.

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 140:3. Дәуіт неге зұлымдардың тілін жыланға теңеген? (it-2 1151-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3.Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адамға көмектесіп, әңгіме бастаңыз. (lmd 3-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(3 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Адам қолы бос емес екенін айтады. (lmd 7-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Көрініс. ijwfq 21-мақала. Тақырыбы: “Ехоба куәгерлері не себепті қан құйдырудан бас тартады?” (th 7-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

141-ән

7. Медициналық ем-шара алу немесе ота жасату қажет болатын жағдайға дайын болыңыз

(15 мин.) Талқылау.

Ехоба “қиын кезде жанымыздан табылар көмекші” болатынын уәде етеді (Зб 46:1). Медициналық ем-шара алу немесе ота жасату қажет болғанда, бұл бізді қатты уайымдатады. Алайда осындай жағдайларға дайын болуымыз үшін, Ехоба қажетті көмек беруде. Олардың кейбірі: “Өз еркін білдіру және сенімхат” (ЕБС), “Жеке куәлік” a, тағы басқа медициналық құжаттар b және Ауруханалармен байланыс комитеті (АБК). Осылардың барлығы бізге Құдайдың қанға қатысты заңына бағынуға көмектеседі (Е.і 15:28, 29).

“Медициналық көмек қажет болатын жағдайға дайынсыз ба?” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Кейбір бауырластар ЕБС құжатын толтырып қойғандарының қандай пайдасын көрді?

  • Кейбір бауырластар “Жүкті бауырластарға арналған нұсқаулық” (S-401) құжатының қандай пайдасын көрді?

  • Егер сізге ауруханаға жату, ота жасату не қатерлі ісікке байланысты қандай да бір терапия алу қажет болса, тіпті сіздің жағдайыңызда қан құйдырудың қажеті болмайды деп ойласаңыз да, неге мүмкіндігінше тезірек АБК-мен хабарласқаныңыз маңызды?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 103-ән және дұға

a Шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар ЕБС құжатын және кәмелетке толмаған балалары үшін “Жеке куәлік” құжатын әдебиетке жауапты бауырластан ала алады.

b Қажет болған жағдайда ақсақалдар сізге “Жүкті бауырластарға арналған нұсқаулық” (S-401), “Ота не химиотерапия қажет науқастарға арналған нұсқаулық” (S-407), “Баласы медициналық емді қажет ететін ата-аналар үшін ақпарат” (S-55) деген құжаттарды бере алады.