Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қайта баруға негіз қалау

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қайта баруға негіз қалау

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Біз өзіміз еккен шындықтың дәнін суарғымыз келеді (Қ1х 3:6). Сондықтан қызығушылық білдірген адамды кездестіргенде, оған келесі келгенде талқылайтын сұрақ қойып кеткеніміз дұрыс. Осының арқасында ол қайта кездесуді асыға күтуі мүмкін, әрі бізге де қайта баруға дайындалу жеңіл болады. Адаммен тағы жолыққанда, өткен жолы қойған сұраққа жауап беруге келгенімізді айтамыз.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Үйме-үй уағыздауға дайындалғанда, қайта барғанда жауап беру үшін қандай сұрақ қойып кететініңіз жайлы да ойланыңыз. Бұл сұрақты адамға көрсеткіңіз келген әдебиетке я зерттеуге арналған басылымдардың біріне негіздеуге болады.

  • Қызығушылық танытқан адаммен әңгімелесіп болған соң, онымен тағы да сөйлескіңіз келетінін айтып, дайындап келген сұрағыңызды қойыңыз. Мүмкін болса, онымен қалай байланысуға болатынын сұраңыз.

  • Егер нақты бір уақытта келуге келіссеңіз, сөзіңізде тұрыңыз (Мт 5:37).