Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЗРА 6—10

Ехоба өз қызметшілерінің дайындық рухын танытқанын қалайды

Ехоба өз қызметшілерінің дайындық рухын танытқанын қалайды

Езра Иерусалимге баруға қамданды

7:6, 22; 8:26, 27

  • Езра Иерусалимге барып, таза ғибадатты өркендету үшін Артаксеркс патшадан рұқсат алды

  • Патша Езраға Ехобаның үйі үшін “сұрағандарының бәрін” — алтын, күміс, бидай, шарап, май, тұз — берді. Бүгінгі ақшамен есептегенде барлығы 100 000 000 АҚШ долларын құрайды.

Езра Ехобаның өз қызметшілерін қорғайтынына сенімді болды

7:13; 8:21—23

  • Иерусалимге қайту қиынға соқпақ еді

  • 1600-дей шақырымға созылған жол қауіп-қатерге толы еді

  • Сапар шамамен 4 айға созылды

  • Иерусалимге бет алғандардың сенімі мықты, шынайы ғибадатқа деген құлшынысы зор әрі батыл болулары қажет еді

ЕЗРАНЫҢ ЖҮГІ...

750 талантқа тең алтын мен күміс яки шамамен ірі-ірі 3 Африка пілінің салмағына тең

ЕЛІНЕ ҚАЙТҚАНДАР КЕЗІККЕН ҚИЫНДЫҚТАР...

Қарақшылар, шөл дала, жабайы аңдар мен жәндіктер