Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ұсыныс үлгілері

Ұсыныс үлгілері

“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ”

Сұрақ: Жұрттың бәрі мына қағиданы ұстанса, өмір жақсырақ болар ма еді?

Тармақ: Ев 13:18

Әдебиет: Киелі кітап бізді барлық жағдайда адал болуға шақырады. Адал болу өміріміздің әрбір саласына әсер етеді. “Күзет мұнарасының” мына санында осы тақырып жөнінде сөз қозғалады.

“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ” (артқы беті)

Сұрақ: Мына сұраққа қатысты сіздің ойыңызды білгім келген еді. [Бірінші сұрақты оқы.] Кейбір адамдардың ойынша, адам өлгенде, жаны әрі қарай өмір сүре береді. Тағы біреулер өліммен бәрі бітеді дегенге сенеді. Ал сіз не нәрсеге сенесіз?

Тармақ: Уғ 9:5

Әдебиет: Осы мақалада Киелі кітапта бұл тақырыпқа қатысты тағы не жазылғаны қарастырылады. Оны сізбен келесі жолы қарастырайық.

“ҚҰДАЙДАН КЕЛГЕН ҚУАНЫШТЫ ХАБАР”

Әдебиет: Біз адамдарға тегін Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынып жүрміз. Мына кітапшадан өмірлік маңызы бар сұрақтарға Киелі кітаптан жауап алуға болады.

Сұрақ: Сіз Киелі кітаппен таныссыз ба? Мына кітапшадан Киелі кітапта қандай хабар жазылғаны туралы сізге қысқаша көрсетейін деп едім. [2-тараудың 1-сұрағын қарастыр.]

Тармақ: Аян 4:11

МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:

Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.