МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қуғынға ұшыраған бауырластар үшін дұға етуді ұмытпайық
Киелі кітапта қызметімізге кедергі ету үшін Шайтан бізді қудалайтыны айтылып кеткен (Жх 15:20; Аян 12:17). Басқа елдерде қудаланып жатқан бауырластарымызға қалай көмектесе аламыз? Олар үшін дұға етейік. “Әділ адамның жалбарына айтқан дұғасының әсері орасан зор” (Жқ 5:16).
Не деп дұға етсек болады? Ехобадан бауырластарымызға батылдық беруін, қорқынышқа бой алдырмауға көмектесуін сұрасақ болады (Иш 41:10—13). Бұған қоса, “тыныш та бейбіт өмір сүруіміз үшін”, билік иелерінің уағыздау ісіне оң көзбен қарауын сұрай аламыз (Т1х 2:1, 2).
Пауыл мен Петір қуғындалған кезде, бірінші ғасырдағы мәсіхшілер олардың аттарын атап дұға етті (Е.і 12:5; Рм 15:30, 31). Біздің күнімізде қудаланып жатқандардың барлығының есімін білмесек те, олардың қауымын, елін не аймағын дұғамызда атап өте аламыз ба?