ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАТАЙ 1—3
“Көк Патшалығы таяп қалды!”
Жақияның киімі мен сырт келбетіне қарап, оның қарапайым өмір сүріп, өзін толықтай Құдай еркін орындауға арнағанын бірден түсінуге болар еді.
Исаға жол дайындау Жақияға берілген ерекше мәртебе еді. Бұл мәртебе Жақияның барған кез келген құрбандығынан асып түсті.
Қарапайым өмір кешкеніміз бізге Құдайдың ісінде көбірек еңбектенуге мүмкіндік береді, нәтижесінде зор қанағат сыйлайды. Қарапайым өмір сүру үшін...
шынымен қажетті нәрселерді анықтап алыңыз
қажетсіз шығындардан арылыңыз
ақылға қонымды бюджет құрып алыңыз
қажет емес, қолданбайтын заттардан арылыңыз
қарыздың бәрінен құтылыңыз
артық жұмыс уақытын қысқартыңыз
Қарапайым өмір кешкенім маған қандай мақсатқа қол жеткізуіме көмектеседі?