Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уайымдауды қойыңыздар

Уайымдауды қойыңыздар

Иса Таудағы уағызында: “Жандарыңды... ойлап уайымдауды қойыңдар”,— деген (Мт 6:25). Уайымға берілу — Шайтанның дүниесінде өмір сүріп жатқан кемелсіз адамдардың ғана табиғатына тән нәрсе. Бірақ Иса сонда да ізбасарларын сарыуайымға берілмеуді үйреткен (Зб 13:2). Неге? Өйткені сарыуайым, тіпті күнделікті қажеттіліктерді шектен тыс уайымдаудың өзі бізді алаңдатып, Патшалықты бірінші орынға қоюға тосқауыл болады (Мт 6:33). Исаның келесі тармақтардағы сөздері қажетсіз уайымнан арылуға көмектеседі.

Бұдан былай қандай жайттарды уайымдағым келмейді?