Матай кітабының 8, 9-тарауларында Исаның Ғалилея аймағындағы қызметі жайлы баяндалады. Иса адамдарды сауықтырған кезде оның күші паш етілді, бірақ ең маңыздысы, оның адамдарға деген зор сүйіспеншілігі мен жанашырлығы көрінді.
-
Иса алапеспен ауырған адамды сауықтырды (Мт 8:1—3)
-
Иса жүзбасының қызметшісін сауықтырды (Мт 8:5—13)
Петірдің қайын енесін сауықтырды (Мт 8:14, 15)
Жындарды қуып шығарды және науқастарды сауықтырды (Мт 8:16, 17)
-
Құтырған әрі аса қауіпті жындарды қуып шығарып, жайылып жүрген шошқаларға жіберді (Мт 8:28—32)
-
Иса сал кісіні аяғына тұрғызды (Мт 9:1—8)
Жамылғысына қолын тигізген әйелді сауықтырды және Жайырдың қызын тірілтті (Мт 9:18—26)
Екі зағиптың көзін ашып, бір мылқау адамды сауықтырды (Мт 9:27—34)
-
Иса қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, түрлі ауру-сырқауларды сауықтырды (Мт 9:35, 36)
Мен айналадағы адамдарға қалайша көбірек сүйіспеншілік пен жанашырлық таныта аламын?