Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАТАЙ 10, 11

Иса жанды сергітеді

Иса жанды сергітеді

11:28—30 сілт.

“Мойынағашым ыңғайлы”

Кезінде ұста болған Иса мойынағашқа қандай пішін беру керектігін білген. Мысалы, мойынағаш барынша ыңғайлы болу үшін оны матамен не былғарымен қаптау қажет болған шығар. Шомылдыру рәсімінен өтіп Исаның шәкірті болғанда, біз оның мойынағашын киеміз. Сонда бізге қызығы мен шыжығы мол іс тапсырылып, міндеттер жүктеледі. Бірақ соларды атқара жүріп жанымыз сергиді, әрі мол батаға кенелеміз.

Исаның мойынағашын кигелі бері қандай баталарға кенелдіңіз?