Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Түйсіну қабілетімізді машықтандыра берейік

Түйсіну қабілетімізді машықтандыра берейік

Шебер спортшы ептілігін жоғалтпау үшін бұлшықеттерін үздіксіз шынықтырып тұру керек. Сол сияқты, біз де түйсіну қабілетімізден айырылып қалмау үшін, оны машықтандыра беруге талмай күш салуымыз қажет (Ев 5:14). Біз біреулердің қандай шешім қабылдағанын көріп, солай істей салуға бейім болуымыз мүмкін. Бірақ біз өзіміз ойланып, өзіміз шешім қабылдауды үйренуіміз керек. Өйткені әркім өз шешімі үшін өзі жауап береді (Рм 14:12).

Шомылдыру рәсімінен өткенімізге біраз жыл болғандықтан, өздігімізден дұрыс шешімдер қабылдай береміз деп ойламауымыз керек. Ақылмен шешімдер қабылдау үшін, біз Ехобаға, оның Сөзі мен ұйымына толықтай арқа сүйеуіміз қажет (Еш 1:7, 8; Н.с 3:5, 6; Мт 24:45).

АР-ҰЖДАНДАРЫҢДЫ ТАЗА САҚТАҢДАР” ДЕГЕН БЕЙНЕҚОЙЫЛЫМДЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Эммаға қандай шешім қабылдау керек болды?

  • Ар-ұждан бойынша шешілетін мәселелерде неге өз пікірімізді айтудан аулақ болуымыз керек?

  • Бір ерлі-зайыпты Эммаға қандай жақсы кеңес берді?

  • Өзінің жағдайына қатысты пайдалы мәліметті Эмма қайдан іздеді?