МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қызметте “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымын қолданыңыз
Зерттеу сабағын жүргізуге арналған жаңа кітапша мен кітаптың шыққанына өте ризамыз! Көбірек шәкірттер дайындау үшін жасап жатқан еңбегімізге Ехоба батасын берсін деп дұға етеміз (Мт 28:18—20; Қ1х 3:6—9). Ал бұл жаңа құралдарды қалай қолдану керек?
“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымындағы интерактивті Киелі кітап сабақтары жаңаша тәлім беру әдісімен жүргізіледі. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мына негізгі ережелерді ұстаныңыз *:
-
Мәліметті оқып шығып, сұрақтарды талқылаңыздар
-
“Оқыңыз” делінген жазба орындарын оқып, зерттеушіге сол тармақтардың өзіне қандай қатысы бар екенін түсінуге көмектесіңіз
-
Бейнероликтерді көріп, берілген сұрақтар бойынша талқылаңыздар
-
Бір сабақты бір отырғанда өтіп шығуға тырысыңыз
Қызметте адамның қызығушылығын анықтау үшін алғашында кітапшаны қолданыңыз. (“ Алғаш барғанда “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасын ұсынудың жолы” деген қоршауды қараңыз.) Адаммен кітапшаны зерттеп болсаңыз және оның әрі қарай да зерттеуге ықыласы болса, кітапқа көшуді ұсынып, зерттеуді 4-сабақтан жалғастырсаңыз болады. Ал егер сіз біреумен “Киелі жазбалардан не білеміз?” кітабымен я “Құдай сүйіспеншілігіне бөленіңіз” кітабымен зерттеп жүрген болсаңыз, “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабына көшіңіз және оны қай жерден бастап зерттейтіндеріңізді шешіңіз.
“ҚҰДАЙ СӨЗІ ТАЛҚЫЛАНАТЫН САБАҚТАРҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Зерттеушілер жаңа кітаптан не біледі?
-
Киелі кітапты зерттегісі келетіндерге неліктен осы бейнероликті көрсетуіңіз қажет?
-
Зерттеу барысында зерттеушіні қандай мақсаттар қоюға және қол жеткізуге талпындырғаныңыз дұрыс? (“ Әр бөлімге арналған ойбағдар мен мақсаттар” кестесін қараңыз.)
^ 4-абзац ЕСКЕРТУ: Зерттеу барысында “Қосымша ізденіңіз” бөлігін қарастыру міндетті болмаса да, дайындық кезінде олардың бәрін оқып, қарап шығуға уақыт бөліңіз. Сонда сіз олардың қайсысы зерттеушіңізге әсіресе керекті болатынын білесіз. Басылымның электронды нұсқасында бейнероликтер мен қосымша мәліметтің сілтемелері бар.
ӘР БӨЛІМГЕ АРНАЛҒАН ОЙБАҒДАР МЕН МАҚСАТТАР |
|||
---|---|---|---|
САБАҚТАР |
ОЙБАҒДАР |
ЗЕРТТЕУШІНІҢ МАҚСАТТАРЫ |
|
01—12 |
Киелі жазбалардың сізге қандай пайдасы тиетінін және оның авторын қалай танып-білуге болатынын біліңіз |
Зерттеушіні Киелі кітапты оқуға, сабаққа дайындалуға және қауым кездесулеріне қатыса бастауға талпындырыңыз |
|
13—33 |
Құдай Тағала біз үшін не істегенін және оған қандай ғибадат ұнайтынын біліңіз |
Зерттеушіні шындық жайлы өзгелерге айтуға және жариялаушы болуға талпындырыңыз |
|
34—47 |
Құдай өз қызметшілерінің қандай болғанын қалайтынын біліңіз |
Зерттеушіні өмірін Ехобаға бағыштауға және шомылдыру рәсімінен өтуге талпындырыңыз |
|
48—60 |
Құдайдың сүйіспеншілігінен қалай айырылмауға болатынын біліңіз |
Зерттеушіге дұрыс пен бұрысты ажыратуды және рухани қадамдар жасауды үйретіңіз |