МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Неке — өмірлік одақ
Бақытты отбасы Ехобаға мадақ әкеледі, ал ерлі-зайыптыларға қуаныш сыйлайды (Мр 10:9). Шайқалмайтын бақытты некеге қол жеткізгісі келсе, мәсіхші жар таңдағанда Киелі кітап принциптерін барынша ұстануы қажет.
Негізі, “албырт шақтан өткенше”, біреумен кездесуді қоя тұрған дұрыс. Өйткені жыныстық құштарлық өршіп тұрғанда, дұрыс ойланып, дұрыс шешім қабылдау өте қиын (Қ1х 7:36). Қайта, бойдақ кезді тиімді пайдаланып, Құдаймен қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз, мәсіхшілерге тән қасиеттерді дамытыңыз. Солай етсеңіз, болашақта некеңізді бақытты етуге көп үлес қоса аласыз.
Неке құруға келіспес бұрын, адамның “жан-дүниесін” танып-білу маңызды. Ол үшін қанша уақыт қажет болса, өзіңізге сонша уақыт беріңіз (Пт1х 3:4). Бір нәрсеге қатты күдіктенсеңіз, кездесіп жүрген адамыңызбен соны ашық талқылаңыз. Басқалармен қарым-қатынас жасағанда, алуды емес, беруді көбірек ойлаймыз. Некеде де тура солай болу керек (Фп 2:3, 4). О бастан Киелі кітап принциптерін ұстанып үйренген адам некеге тұрғаннан кейін де оларды оңай орындайды. Бұндай адамның некесі бақытты да баянды болады.
“НЕКЕ ҚҰРУҒА ДАЙЫНДЫҚ. 3-БӨЛІМ: “ШЫҒЫНДЫ ЕСЕПТЕП АЛ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Қыз бауырластың Шэйнмен қарым-қатынасы қалай дамыды?
Шэйнды жақсырақ таныған сайын, ол нені байқай бастады?
Ата-анасы оған қалай көмектесті және ол қандай дана шешім қабылдады?