Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымының пайдалы тұстары

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымының пайдалы тұстары

Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымындағы бейнероликтер мен ойландыратын сұрақтарды қолдану сізге ұнай ма? “Кейбіреулердің айтатыны”, “Мақсат” және “Қосымша ізденіңіз” деген ше? Бұл басылымның шәкірт дайындау кезінде пайдалы болатын тағы басқа тұстары бар (Мт 28:19, 20).

Медиа. Зерттеу сабағын баспа жүзіндегі кітаппен өткіңіз келген жағдайда, келтірілген видеолар мен басқа да медиаларды бір жерден табуға бола ма? Иә, болады. Ол үшін электронды кітаптың ішіндегі негізгі төрт бөлімнің біреуін таңдаңыз. Сабақтардың атауларынан кейін тұратын “бөлімнің медиасы” дегенге кірсеңіз, сол бөлімнің бүкіл медиасын көре аласыз (1-суретті қараңыз).

Баспа басылымы. Егер зерттеуді электронды кітаппен өтіп жатсаңыз, ара-тұра мәліметті баспа жүзінде көргіңіз келер. Ондай кезде сабақтың төбесіндегі үш нүктеге шертіп, “Баспа басылымы” дегенге кіріңіз. Бұл формат сізге талқыланып жатқан мәліметтің негізгі тақырыппен қандай байланысы бар екенін есте ұстауға көмектеседі. Ал электронды форматқа қайтадан оралу үшін, жоғарыдағы үш нүктеге басып, “Сандық басылым” дегенге кіріңіз немесе төмендегі күлгін түсті домалақ батырманы басыңыз.

Дайынмын ба? Екі қоршаудан тұратын бұл бетті 4-бөлімнің соңынан таба аласыз. Ол жерде қауыммен бірге уағыздау үшін және шомылдыру рәсімінен өту үшін зерттеушіге қойылатын негізгі талаптар айтылады (2-суретті қараңыз).

Түсіндірме. Бұл жерде кейбір маңызды тақырыптар түсіндіріледі. Электронды басылымда әр түсіндірменің аяғында сілтеме келтіріледі. Сол сілтемені бассаңыз, тоқтаған сабаққа қайтадан орала аласыз (2-суретті қараңыз).

Зерттеуші “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабын бітірмей жатып тез қадамдар жасаса, тіпті шомылдыру рәсімінен өтсе, зерттеуді аяғына дейін жалғастыра беріңіз. Ол шомылдыру рәсімінен өтсе де, сағатты, қайта баруды, зерттеуді есепке жаза берсеңіз болады. Зерттеуге қатысқан жариялаушы да сағатты есепке қоса алады.