Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Рухы күйрегендерді ­Ехоба құтқарады

Рухы күйрегендерді ­Ехоба құтқарады

Кез келген адамның көңілі құлазып, ұнжырғасы түседі. Бірақ бұндай сезімдер рухани күйіміздің әлсіз екенін білдірмейді. Киелі кітаптан білетініміздей, тіпті Ехобаның да қайғырып, қынжылатын кездері болады (М1ж 6: 5, 6). Ал егер қайғы-мұң жиі, не тіпті үнемі еңсемізді басып тұрса ше?

Көмек сұрап Ехобаға дұға етіңіз. Ой-санамыздың және эмоциялық күйіміздің қандай екені Ехоба үшін өте маңызды. Ол қай кезде қуанып, қай кезде мұңайып жүргенімізді байқайды. Сондай-ақ ойларымыз бен сезімдерімізді де, олардың түпкі себебін де жақсы түсінеді (Зб 7:9ә). Бәрінен де маңыздысы, Ехоба біздің қамымызды ойлайды және ол бізге жабырқаулы күймен, тіпті депрессиямен күресуге көмектесе алады (Зб 34:18).

Ой-санаңыздың саулығын ойлаңыз. Ұнжырғамыздың түсуі бізді бақытсыз етіп қана қоймайды, ол Ехобамен достығымызға да кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті біз жүрегімізді, яғни ойларымыз бен сезімдерімізді қамтитын ішкі болмысымызды қорғауымыз қажет (Н.с 4:23).

БАУЫРЛАСТАРЫМЫЗ ЖАНТЫНЫШТЫҒЫНА КЕНЕЛІП ЖҮР. ДЕПРЕССИЯҒА ҚАРАМАСТАН” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Никки депрессиямен күресу үшін не істеді?

  • Никки медициналық көмекке мұқтаж екенін қалай түсінді? (Мт 9:12)

  • Никки Ехобаның көмегіне сенім артатынын қалай көрсетті?