Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Буллингке ұшырағанда, Ехобаға арқа сүйе

Буллингке ұшырағанда, Ехобаға арқа сүйе

Егер сен буллингке ұшырасаң, яғни біреу сені қорқытса, кемсітсе не күш көрсетсе, бұл саған физикалық жағынан да, эмоциялық жағынан да зардап әкелуі мүмкін. Ал егер Ехобаға қызмет еткенің үшін қарсылыққа кезіксең, оның тіпті рухани күйіңе кесірі тиюі мүмкін. Ендеше, бұзақылардан өзіңді қалай қорғасаң болады?

Ехобаның қызметшілерінің көбісі Ехобаға сенім артқанның арқасында қарсыластарына төтеп бере алған (Зб 18:17). Мысал үшін, Естер бұзақы әрі зұлым Хаманның арам пиғылы жайлы патшаға айтып берген (Ест 7:1—6). Бірақ оны айтпас бұрын, Естер Ехобаға сенім артатынын көрсетіп, ораза ұстаған (Ест 4:14—16). Ехоба Естердің істеріне батасын беріп, оның өзін де, халқын да қорғап қалды.

Буллингке ұшыраған жағдайда Ехобадан көмек сұра және бұл жайлы үлкендерге, мысал үшін ата-анаңа айтып бер. Сенімді бол, Ехоба Естерге көмектескеніндей, саған да көмектеседі.

ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН: БУЛЛИНГКЕ ҚАЛАЙ ТӨТЕП БЕРЕ АЛАМЫН?” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Жастар Чарли мен Фериннен не нәрсеге үйрене алады?

  • Чарли мен Фериннің сөздерінен ата-аналар не түйсе болады?