Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Балаңызға Құдай даналығын меңгеруді үйретіңіз

Балаңызға Құдай даналығын меңгеруді үйретіңіз

Балаңыз Құдай даналығына ие болу үшін оған қауым кездесулерінің пайдасын көруге көмектесіңіз. Қауымда көріп-естігендері, өз түсініктемелерінде айтқан ойлары балаға Ехобаны жақсырақ танып-білуге және онымен жақын дос болуға көмектеседі (М5ж 31: 12, 13). Балаңыз қауымның мейлінше көп пайдасын көру үшін не істей аласыз?

  • Мүмкіндігінше қауым кездесуіне қатысу үшін Патшалық сарайына келіңіз (Зб 22:22)

  • Қауымға дейін не кейін Патшалық сарайында бауырластармен араласыңыз (Ев 10:25)

  • Қарастырылатын басылым баспа не электронды түрде отбасыңыздың әрбір мүшесінде болсын

  • Балаңызға түсініктеме дайындап, өз сөзімен айтуға көмектесіңіз (Мт 21: 15, 16)

  • Қауым кездесулері және онда білгендеріңіз жайлы жағымды сөздер айтыңыз

  • Балаңызды Патшалық сарайының тазалық жұмыстарына атсалысуға және үлкендермен араласуға талпындырыңыз

Рас, балаңыз Ехобамен дос болу үшін көп күш салуыңыз қажет. Бәлкім, кейде шаршайтын да шығарсыз. Бірақ сенімді болыңыз, Ехоба сізге міндетті түрде көмектеседі (Иш 40:29).

АТА-АНАЛАР, ЕХОБАҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮШІНЕ СЕНІМ АРТЫҢЫЗДАР” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Қатты шаршағандары Зак пен Лияға қалай әсер етті?

  • Неге ата-аналар Ехобадан күш сұрау керек?

  • Зак пен Лия Ехобаға қалай арқа сүйеді?