Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16—22 қыркүйек

ЗӘБҮР 85—87

16—22 қыркүйек

41-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Дұға қиындыққа төзуге көмектеседі

(10 мин.)

Ехобадан қуаныш беруін сұраңыз (Зб 86:4)

Ехобадан адал болып қалуға көмектесуін сұраңыз (Зб 86:11, 12; w12 15.5. 25-б., 10-абз.)

Ехоба дұғаларыңызға жауап беретініне сеніңіз (Зб 86:6, 7; w23.05 13-б., 17, 18-абз.)


ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Қиындыққа кезіккенде қаншалықты жиі әрі ыстық дұға айтамын?” (Зб 86:3).

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 86:11. Дәуіттің дұғасынан адамның жүрегі жайлы не білуге болады? (it-1 1058-б., 5-абз. )

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 3-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Өткен жолы әңгімелескенде, болып жатқан жағдайлар уайымдататынын айтқан адамға зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 7-сабақ, 4-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

(5 мин.) lff 15-сабақ, 5-тақырыпша. Келесі апта сіз зерттеу сабағын өте алмайсыз. Сондықтан зерттеу тоқтап қалмас үшін не істей алатындарыңызды талқылаңыздар. (lmd 10-сабақ, 4-тақырыпша)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

83-ән

7. “Еш берілме!”

(5 мин.) Талқылау.

ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Неге кейде қызметте ұнжырғамыз түсуі мүмкін?

  • Неге сонда да берілмеуіміз керек?

8. Зерттеу сабағын ұсынуды доғармаңыз!

(10 мин.) Талқылау.

Осы айда арнайы науқан кезінде “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасымен зерттеу сабағын бастай алдыңыз ба? Бастасаңыз, қуанышыңыз тасып тұрған шығар! Өзгелер де сізге қарап, жігерленіп жатқаны шүбәсіз. Алайда егер зерттеу сабағын әлі бастамаған болсаңыз ше? Мұндайда істеп жатқаныңыздың бәрі ауаға кетіп жатқандай болуы мүмкін. Егер зерттеу бастай алмай, ұнжырғаңыз түссе, не істей аласыз?

“Шыдамдылығымызбен “өзімізді Құдайдың қызметшісі ретінде танытамыз”... уағыздағанда” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Қызметте істеп жүргеніміз “терең тұңғиыққа” кетіп жатқандай сезінсек, Қорынттықтарға 2-хат 6:4, 6-тармақтар бізге қалай көмектеседі?

  • Зерттеу сабағын бастай алмай жүрсеңіз, қандай өзгерістер жасасаңыз болады?

Есіңізде болсын, біздің қуанышымыз қанша зерттеу бастап не өткізіп жүргенімізге байланысты емес. Бізге қуаныш сыйлайтын нәрсе — Ехоба біздің күш салып жатқанымызға риза екенін білу (Лқ 10:17—20). Сондықтан осы арнайы науқанға бар жан-тәніңізбен атсалыса беріңіз. Себебі “Иеміздің жолындағы еңбегіңіз бекер емес” (Қ1х 15:58).

9. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 39-ән және дұға