2—8 қыркүйек
ЗӘБҮР 79—81
29-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)
1. Ехобаның ұлы есімін жақсы көретініңізді көрсетіңіз
(10 мин.)
Ехобаның есімін қаралайтын істерден аулақ болыңыз (Зб 79:9; w17.02 10-б., 5-абз.)
Ехобаны есімін атап шақырыңыз (Зб 80:18; ijwbv 3 мақала, 4, 5-абз.)
Ехобаға мойынсұнып, оның есімін жақсы көретінімізді көрсетсек, мол батаға кенелеміз (Зб 81:13, 16)
2. Рухани асыл тастар
(10 мин.)
-
Зб 80:1. Неге кей жағдайларда Жүсіптің есімі Исраилдің барлық руларына нұсқаған? (it-2 111-б.)
-
Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?
3. Киелі кітапты оқу
(4 мин.) Зб 79:1—80:7 (th 10-сабақ)
4. Әңгіме бастау
(1 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 4-сабақ, 4-тақырыпша)
5. Әңгіме бастау
(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 4-сабақ, 3-тақырыпша)
6. Әңгіме бастау
(2 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыныңыз. (lmd 3-сабақ, 3-тақырыпша)
7. Қызығушылықты арттыру
(5 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Алдында Киелі кітапты зерттеуге келіспеген адамға қайтадан зерттеу ұсыныңыз. (lmd 8-сабақ, 3-тақырыпша)
10-ән
8. “Олар менің есімімді мадақтайды”
(15 мин.) Талқылау.
Шайтан Ехобаның есіміне Едем бағында жала жаба бастады. Сол уақыттан бері Ехобаның есімінің ақталуы — барлық саналы жаратылыстар үшін ең маңызды мәселе.
Шайтан Ехоба жайлы қандай сорақы өтіріктер айтып жатыр? Ол Ехобаны қатыгез, сүйіспеншіліктен жұрдай билеуші деп айыптайды (М1ж 3:1—6; Әп 4:18, 19). Ехобаның қызметшілері оны шын мәнінде жақсы көрмейді дейді (Әп 2:4, 5). Шайтан тіпті миллиондаған адамды Ехобаның Жаратушы емес екеніне, бізді қоршап тұрған әсем табиғатты жаратқан ол емес дегенге сендіріп келеді (Рм 1:20, 21).
Шайтанның айтатын өтірік сөздері сізге қалай әсер етеді? Дау жоқ, мұндай жалған сөздер бізді бейжай қалдырмайды. Біз Ехобаның есімін қорғағымыз келеді! Оның есімінің киелі болуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Ехоба өз халқының осылай ететініне сенімді болған (Ишая 29:23 салыстырыңыз.). Бұл ретте сіз не істей аласыз?
-
Өзгелерге Ехобаны танып-білуге көмектесіңіз (Жх 17:25, 26). Құдайдың бар екенінің дәлелдерін келтіріңіз және өзгелерге оның керемет қасиеттері жайлы айтыңыз (Иш 63:7).
-
Ехобаны бар жүрегіңізбен жақсы көріңіз (Мт 22:37, 38). Ехобаның талаптарына мойынсұныңыз. Олардың пайдасын көретіндіктен ғана емес, Ехобаны қуантқыңыз келетіндіктен солай етіңіз (Н.с 27:11).
“Сүйіспеншілік еш сарқылмайды... мектептегі ортаның әсері жаман болса да” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:
-
Ариел мен Диего Ехобаның есімін қалай қорғады?
-
Оларды Ехобаның есімін қорғауға не талпындырды?
-
Оларға қалай еліктей аласыз?
9. Қауымда Киелі кітапты зерттеу
(30 мин.) bt 15-тар., 1—7 абз. және 6-бөлімге кіріспе