7—13 қазан
ЗӘБҮР 92—95
84-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)
1. Ехобаға қызмет ету — өмірдегі ең жақсы жол!
(10 мин.)
Ехоба ғибадат етуімізге лайық (Зб 92:1, 4; w18.04 28-б., 5-абз.)
Ехоба қызметшілеріне ешкімде жоқ түсінік сыйлайды (Зб 92:5; w18.11 23-б., 8-абз.)
Ехоба қартайған қызметшілерінің еңбегін бағалайды (Зб 92:12—15; w20.01 19-б., 18-абз.)
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтуге маған не кедергі?”
2. Рухани асыл тастар
(10 мин.)
-
Зб 92:5. Осы сөздер Ехобаның даналығын қалай сипаттайды? (cl 176-б., 18-абз.)
-
Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?
3. Киелі кітапты оқу
(4 мин.) Зб 94:1—23 (th 5-сабақ)
4. Әңгіме бастау
(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Амалын тауып, әңгіме барысында Киелі кітап тәлімгері ретінде немен айналысатыныңызды айтып өтіңіз. (lmd 5-сабақ, 3-тақырыпша)
5. Қызығушылықты арттыру
(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Бұрын зерттеу сабағынан бас тартқан қызығушыға зерттеу ұсыныңыз. (lmd 8-сабақ, 4-тақырыпша)
6. Шәкірт дайындау
(5 мин.) Рухани қадамдар жасамай жүрген зерттеушімен әңгімелесіңіз. (lmd 12-сабақ, 5-тақырыпша)
5-ән
7. Жастарды уайым меңдегенде
(15 мин.) Талқылау.
Уайым Ехобаның қызметшілерін айналып өтпейді. Мысалы, Дәуіт өмірінің әртүрлі кезеңінде уайымға салынған. Бүгінде осындай күйді көп бауырластарымыз кешіп жүр (Зб 13:2; 139:23). Олардың арасында тіпті жастар да бар. Кейде уайымдағаннан оқуға немесе қауым кездесулеріне бару сияқты күнделікті істерді істеу тым ауыр болып көрінуі мүмкін. Тіпті бойыңды үрей билеп, өмір сүргің келмейтін шығар.
Жастар, уайым-қайғы басқанда не істеулеріңе болады? Бұл жайлы ата-анаңмен немесе толысқан бауырласпен сөйлес. Ехобадан да көмек ізде (Фп 4:6). Ол саған міндетті түрде көмектеседі (Зб 94:17—19; Иш 41:10). Стейнгтің мысалын көрейік.
“Ехоба мені қамқорлады” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:
• Стейнгке қандай тармақ көмектесті және неге?
• Ехоба оған қалай көмектесті?
Ата-аналар, балаларыңызға уайыммен күресуге көмектесу үшін оларды өзіңіз де, Ехоба да жақсы көретініне сендіріп отырыңыздар (Тт 2:4; Жқ 1:19). Балаларыңызға қолдау көрсете алу үшін Ехоба сізге күш пен жұбаныш беретініне сенімді болыңыз.
Кейде біз қауымда әлдебіреудің қатты уайымға салынып жүргенін білмеуіміз не оның сезімін түсінбеуіміз мүмкін. Десе де бауырластардың қауымда сүйіспеншілік пен жылулық сезінуіне үлес қоса аламыз (Н.с 12:25; Ев 10:24).
8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу
(30 мин.) bt 16-тар., 6—9 абз., 132-беттегі қоршау