Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Киелі кітап сабағын өткізгенде аулақ болуымыз керек жайттар

Киелі кітап сабағын өткізгенде аулақ болуымыз керек жайттар

Тым көп сөйлеу. “Зерттеп жүрген адамға бәрін өзім түсіндіруім қажет” деп ойламаңыз. Адам ойланып, дұрыс тұжырым жасай алуы үшін Иса сұрақтар қоя білген (Мт 17:24—27). Сұрақтар зерттеуді жандандырады әрі адамның түсінігі мен нанымдарын анықтауға көмектеседі (be 253-б., 2, 3-абз.). Сұрақ қойғаннан кейін, жауабын шыдаммен күтіңіз. Адам дұрыс жауап бермесе, жауабын бірден айтудың орнына, қосымша сұрақтар қойып, өзінің дұрыс ойға келуіне көмектесіңіз (be 238-б., 1, 2-абз.). Зерттеуші жаңа ойларды түсіне алуы үшін баяу сөйлеген жөн болар (be 230-б., 4-абз.).

Күрделендіру. Тақырыпқа қатысты бар білгеніңізді айтып беруден аулақ болыңыз (Жх 16:12). Бар назарды абзацтағы негізгі ойға аударуға тырысыңыз (be 226-б., 4, 5-абз.). Қосымша мәліметтер қызықты болса да, негізгі ойларды көмескілеп тастауы мүмкін (be 235-б., 3-абз.). Адам негізгі ойды түсінгеннен кейін, келесі абзацқа көшіңіз.

Жай ғана қарастырып шығу. Біздің мақсатымыз мәліметті жай қарастырып шығу емес, шындықты адамның жүрегіне жеткізу (Лқ 24:32). Сабақтағы негізгі тармақтарға көңіл бөліп, Құдай Сөзінің әсер етуіне жол беріңіз (Қ2х 10:4; Ев 4:12; be 144-б., 1—3 абз.). Сондай-ақ қарапайым мысалдарды қолдануға тырысыңыз (be 245-б., 2—4 абз.). Зерттеушінің өз басындағы қиындықтары мен нанымдарын ескеріп, сабақты соған қарай икемдеген дұрыс. Зерттеу кезінде оған келесідей сұрақтарды қойсаңыз болады: “Осы білгендеріңіз жайлы не ойлайсыз?”, “Бұл мәліметтен Ехоба жайлы не білдіңіз?”, “Сіздіңше, осы кеңестерді қолданудың қандай пайдасы бар?” (be 238-б., 3—5 абз.; 259-б., 2-абз.).