Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 135—141

Біз таңғаларлықтай керемет жаратылғанбыз

Біз таңғаларлықтай керемет жаратылғанбыз

Дәуіт Құдайдың жаратылыстарынан көрінетін керемет қасиеттері жайлы ой жүгірткен. Ол өмір бойы Ехобаға шын беріліп қызмет еткен.

Жаратылыстар туралы терең ой жүгірткені Дәуітті Ехоба Құдайды мадақтауға талпындырған:

139:14

  • “Мен өзіңді мадақтаймын, себебі таңғаларлықтай керемет жаратылғанмын”

139:15

  • “Құпия жерде жаратылғанымда, ана құрсағының түкпірінде тоқылғанымда, cүйектерім сенен жасырын болмады”

139:16

  • “Тіпті ұрық күйімді көздерің көрді, оның... қалыптасатын күндері сенің кітабыңда жазылып қойылған еді”