Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызығушылық білдіргендерді қауым кездесулеріне шақырайық

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызығушылық білдіргендерді қауым кездесулеріне шақырайық

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Апта сайынғы қауым кездесулерінде бізде “Ехобаға арнап ән айтуға” және “оны мадақтауға” керемет мүмкіндік болады (Зб 149:1). Сондай-ақ кездесулерде біз Құдайдың еркін орындауды үйренеміз (Зб 143:10). Қызығушылық білдірушілер және Киелі кітапты зерттеп жүргендер кездесулерге келе бастаса, тезірек рухани өседі.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Адамды мүмкіндігінше ертерек шақырғаныңыз жақсы. Зерттеу сабағы тұрақталғанша күтудің қажеті жоқ (Аян 22:17).

  • Қызығушылық білдірген адамға алдағы кездесудің қалай өтетінін және онда не талқыланатынын түсіндіріңіз. Бұл орайда келесі құралдардың көмегі зор: “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” бейнеролигі және “Ехобаның еркі” кітапшасындағы 5 пен 7-інші сабақтар.

  • Көмегіңізді ұсыныңыз. Мүмкін, қызығушылық білдірген кісіні кездесуге алып бару керек шығар не оған жиынға лайықты киім таңдауға көмектесу керек болар. Жиналыста қасына отырып, әдебиеттеріңізді оған да көрсетіп отырыңыз. Сондай-ақ оны басқа бауырластармен таныстырғаныңыз жақсы.