Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 119

“Ехобаның заңымен жүрейік”

“Ехобаның заңымен жүрейік”

Ехобаның заңымен жүру деген оның жетекшілігіне шын ықыласпен еруді білдіреді. Киелі кітапта зәбүр жыршысы сияқты Ехобаның заңымен жүріп, оған арқа сүйеген адамдардың мысалдары жетіп артылады.

Біздің бақытты болуымыз Құдай заңымен жүруімізге байланысты

119:1—8

Ешуа Ехобаның жетекшілігіне толығымен сенім артатынын көрсеткен. Ол бақытты әрі еңбегі жемісті болу үшін Ехобаға шын жүректен сенім артуы керектігін білген

Құдай Сөзі өмірдегі қиындықтармен күресуге қажетті батылдық береді

119:33—40

Еремия қиын жағдайларға кезіккенде батылдық танытқан әрі Ехобаға сенім артқан. Ол қарапайым өмір кешіп, қызметін табандылықпен атқарған

Құдай Сөзінен алған тура біліміміз сенімділікпен уағыздауға көмектеседі

119:41—48

Пауыл Құдай хабарын әрбір адамға жариялаудан тартынбаған. Ехобаның жәрдемдесетініне толық сенімді болған ол әмірші Феликске батылдықпен уағыздаған

Қандай жағдайларда көбірек батылдық танытып уағыздауым қажет?

  • Мектепте

  • Жұмыста

  • Отбасында

  • Тағы басқа жерде