Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Куәлікке ұласатын әңгіме бастау

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Куәлікке ұласатын әңгіме бастау

Иса самариялық әйелмен әңгіме бастағанның арқасында оған бейресми куәлік бере алды. Ал біз бейтаныс адамдармен әңгіме бастау шеберлігін қалай шыңдай аламыз?

  • Адамдарға жылы шыраймен қараңыз, олармен сөйлесіңіз. Иса шаршап тұрса да, самариялық әйелмен әңгіме бастады. Бұл үшін ол әйелден жай ғана су сұрады. Сол сияқты сіз де, адаммен күлімсіреп амандасқан соң, ауа райын немесе орын алып жатқан қандай да бір оқиғаны сөз етсеңіз болады. Есіңізде болсын, сіздің бастапқы мақсатыңыз — жай әңгіме бастау. Бұл үшін адамға қызық болады-ау деген кез келген тақырыпты қозғай аласыз. Егер адам үн қатпаса, ештеңе де жоғалтпайсыз. Басқа бір адаммен әңгімелесіп көріңіз. Ехобадан батылдық сұраңыз (Нех 2:4; Е.і 4:29).

  • Әңгіме барысында ізгі хабарды айтудың орайын іздеңіз, бірақ асығудың қажеті жоқ. Әңгімелеріңіз табиғи түрде өрбісін. Бірден өз тақырыбыңызға көшіп кетсеңіз, адам өзін ыңғайсыз сезініп, сөйлеспей қоюы мүмкін. Әңгімелеріңіз үзіліп қалып, куәлік беріп үлгермесеңіз, көңіліңіз түспесін. Егер “әңгімені ізгі хабарға бұруым керек” деген ой сізді кері тартатын болса, уағыздауды көздемей-ақ, жай ғана әңгіме бастап үйреніңіз (1-бейнероликті ойнатып, талқылаңыз).

  • Әңгіменің рухани тақырыпқа ұласуына жағдай жасаңыз. Бұл үшін жүрегіңізге жақын бір рухани ойды айтыңыз, сонда тыңдаушыңыз қызығып өзі сұрақтар қоя бастауы мүмкін. Иса самариялық әйелді қызықтыратын сөздер айтты, сонда әйелдің өзі сұрақтар жаудыра бастады. Ал әңгіме желісі ізгі хабарға көшкенде, Иса жай ғана әйелдің сұрақтарына жауап беріп отырды (2-бейнероликті ойнатып, талқылаңыз, сосын 3-бейнероликті де ойнатып, талқылаңыз).