МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Еш нәрсе “ысырап болмады”
Иса 5000 ер кісіні және әйелдер мен балаларды тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне: “Ысырап болмас үшін, жегеннен артылғанды жинап алыңдар”,— деді (Жх 6:12). Осылай Иса Ехобаның бергенін ысырап қылмай, бағалайтынын көрсетті.
Бүгінгі таңда Басқарушы кеңес те Исаға еліктеп, ұйымға түскен ерікті садақаны даналықпен жұмсауға тырысады. Мысалы, Уорвиктегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқарманы соққанда, бауырластар қаржыны тиімді қолдануға мүмкіндік беретін құрылыс жобасын таңдады.
КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ЫСЫРАПШЫЛДЫҚТАН ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛА АЛАМЫЗ:
-
Патшалық сарайында?
-
Жеке қолданыс үшін әдебиеттер алғанда? (km 2.10. 2-б., 4-абз.)
-
Қызметте қолданатын әдебиеттер алғанда? (mwb17.02 “Әдебиеттерімізді парасаттылықпен қолданайық”, 1-абз.)
-
Уағыз ісінде? (mwb17.02 “Әдебиеттерімізді парасаттылықпен қолданайық”, 2-абз. және қоршау)