Иса шәкірттері бірден түсіне қоймайтын мысал айтқан кезде, кейбірі бұған сүрініп, соңынан ермей қойды. Бұдан бір күн бұрын Иса керемет жасап, оларды тамақтандырған болатын. Осылайша ол күшінің Құдайдан екенін көрсеткен еді. Онда неге олар сүрініп қалды? Бұның себебі олардың ниеттерінде болды. Олар өз қара бастарын ойлап Исаның соңынан ергенге ұқсайды. Олар тәндік қажеттіліктерінің қамы үшін Исамен араласты.
Әрбіріміз өзімізді былай тексеруіміз қажет: “Исаның соңынан не үшін еріп жүрмін? Қазіргі және болашақтағы баталар үшін бе? Жоқ әлде Ехобаны жақсы көріп, оған ұнамды болғым келгендіктен бе?”
Егер келесі жайттар Ехобаға қызмет етуіміздің негізгі себептері болса, неге сүрініп қалуымыз ғажап емес?
-
Құдай халқымен араласқанды ұнатамыз
-
Жұмақта өмір сүргіміз келеді