Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Иса сияқты кішіпейіл әрі қарапайым болыңыз

Иса сияқты кішіпейіл әрі қарапайым болыңыз

Иса тарихтағы ең ұлы адам болса да, кішіпейілділік пен қарапайымдылық танытқан. Ол мұны Ехобаны мадақтау арқылы істеген (Жх 7:16—18). Ал Шайтан болса Ібіліске айналды, оның мағынасы “жалақор” дегенді білдіреді (Жх 8:44). Шайтанның көзқарасын парызшылдар да танытты. Өркөкірек болған олар Мәсіхке сенім білдірген әрбір адамға қарады (Жх 7:45—49). Ал біз ше? Қауымда бізге мәртебелі қызмет пен жауапкершіліктер тапсырылғанда, қалай Исаға еліктей аламыз?

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ҚЫЗҒАНЫШ ПЕН МАҚТАНУДАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ” ДЕГЕН 1-БӨЛІМІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Алекс қалай менмендік танытты?

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ҚЫЗҒАНЫШ ПЕН МАҚТАНУДАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ” ДЕГЕН 2-БӨЛІМІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Алекс қалай кішіпейілділік танытты?

    Алекс Билл мен Карлды қалай жігерлендірді?

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “МЕНМЕН НЕ ӘДЕПСІЗ БОЛМАЙЫҚ” ДЕГЕН 1-БӨЛІМІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Харрис бауырластың қарапайымдылық танытпағаны неден көрінді?

“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “МЕНМЕН НЕ ӘДЕПСІЗ БОЛМАЙЫҚ” ДЕГЕН 2-БӨЛІМІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Харрис бауырлас қалай қарапайымдылық танытты?

    Фая Харрис бауырластан не үйренді?