Иса сөзімен де, ісімен де көктегі Әкесін мадақтады. Ол айтып жүрген хабарының Құдайдан екенін жұрт білсе екен деді. Сондықтан тәлімдерін Жазбаларға негіздеп, одан жиі үзінділер келтірді. Өзгелерден мақтау сөз естігенде, жұрттың назарын Ехобаға бұрды. Исаның бар ойы Ехобаның өзіне тапсырған ісін атқару болды (Жх 17:4).
Келесі жағдайларда Исаға қалай еліктей аламыз:
-
Киелі кітап зерттеу сабағын өткізгенде немесе мінбеден тәлім бергенде?
-
Өзгелерден мақтау сөз естігенде?
-
Уақытымызды жоспарлағанда?