Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY

Басылымдарды жүктеу және қолдану. Андроид

Басылымдарды жүктеу және қолдану. Андроид

JW Library қосымшасында жүздеген кітап, кітапша, буклет пен бейнематериал бар.

Басылымдарды жүктеу және қолдану үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

 Басылымды жүктеу

Өзіңіз қалаған басылымдарды бір рет жүктеп алып, кейін интернетке кірмей-ақ оқып-зерттей аласыз.

  • Басылымдар тізімін көру үшін, мәзір тақтасын ашып, Басылымдар деген жерге кіріңіз.

  • Тілдер түймесін басып, қай тілдерде басылымдар бар екенін көріңіз. Қалаған тіліңізді таңдаңыз. Жиі қолданыстағы тілдер тізімнің басына шығып тұрады. Керекті тілді теріп те табуға болады.

JW Library қосымшасынан басылымдарды табудың бірнеше жолы бар.

Түрлері бойынша деген жерде басылымдар “Кітаптар”, “Буклеттер” және “Бейнематериалдар” деген сияқты топтарға бөлінген. Топтардың біреуін таңдаған соң, мысалы, қажетті жылдың “Күзет мұнарасын”, не белгілі бір санаттағы бейнематериалды таңдай аласыз. Барлық түрі деген жерін бассаңыз, бастапқы тізімге ораласыз.

Жаңалары деген жерде сіз таңдаған тілде соңғы шыққан басылымдар көрсетіледі.

Әлі жүктелмеген басылымдардың тұсында бұлттың белгісі болады. Басылымды жүктеу үшін оны түртіңіз. Басылым жүктелген соң, бұлт белгісі көрінбей қалады. Басылымды оқу үшін оны қайтадан түртіңіз.

Жүктелгендері деген жерде сіз жүктеген кез келген тілдегі басылымдар көрсетіледі. Бұл тізімді Жиі қолданылатын, Сирек қолданылатын не Көлемі бойынша деп реттей аласыз.

 Басылымды өшіру

Қажет емес басылымдарды жойып, құрылғы жадын босатуға болады.

Бұл үшін мәзір тақтасын ашып, Басылымдар түймесін басыңыз. Сосын басылымның түрін таңдасаңыз (мысалы, Кітаптар), басылымдар тізімі шығады. Жойғыңыз келген басылым тұрған жердегі Көбірек түймесін басқан соң, Жою түймесін түртіңіз.

Құрылғы жадын босату керек болса, сирек қолданатын не үлкен көлемді басылымдарды жоюға болады. Бұл үшін мәзір тақтасын ашып, Басылымдар түймесін басыңыз. Жүктелгендері деген жерге кіріңіз де, басылымдарды Сирек қолданылатын не Көлемі бойынша деп реттеңіз. Қажет болмай қалған басылымдарды жойыңыз.

 Басылымды жаңарту

Кейде сіз жүктеген басылымдарға жаңартулар шығып тұрады.

Оларда жаңарту белгісі болады. Басылымды бассаңыз, бұл әдебиеттің жаңартылғаны туралы хабарлама шығады. Жүктеу түймесін басып, жаңартуды жүктеңіз немесе Кейінірек түймесін басып, қолда бар нұсқасын оқуды жалғастырыңыз.

Сіз жүктеген басылымдарға жаңартулар бар-жоғын көру үшін, мәзір тақтасындағы Басылымдар түймесін түртіңіз. Егер жаңартулар бар болса, Жаңартуды күтіп тұрғандары деген бөлім пайда болады. Сол жерді бассаңыз, жаңартулары бар басылымдар тізімін көресіз. Басылымды жаңарту үшін оны басыңыз немесе Барлығын жаңарту түймесін басып, барлық жаңартуларды жүктеңіз.

Бұл мүмкіндіктер 2015 жылдың ақпанында JW Library 1.4 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 2.3-пен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшадағы нұсқауларды орындаңыз.