Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY

Бетбелгілерді қою және оларды реттеу. Андроид

Бетбелгілерді қою және оларды реттеу. Андроид

Кәдімгі кітаптардың арасына бетбелгі салуға болатындай, JW Library қосымшасындағы басылымдардың кез келген жеріне бетбелгі қоюға болады. JW Library қосымшасындағы әр басылымға 10 бетбелгі салуға болады.

Бетбелгілер қою үшін, келесі нұсқаулардың орындаңыз:

 Жаңа бетбелгі қою

Сіз мақалаға, тарауға, абзацқа немесе Киелі кітаптың тармағына бетбелгі қоя аласыз.

Мақалаға не тарауға бетбелгі салу үшін Бетбелгі түймесін басыңыз. Сонда басылымға арналған бетбелгілер тізімі шығады. Оқып отырған мақалаға не тарауға бетбелгі қою үшін, бос бетбелгіге басыңыз.

Басылымның абзацына не Киелі кітаптың тармағына бетбелгі салғыңыз келсе, алдымен, мәтінге, сосын мәнмәтін мәзіріндегі Бетбелгі түймесіне нұқыңыз.

 Бетбелгі қойылған жерді көру

Бетбелгі қойылған жерді көру үшін, бетбелгілері бар басылымды ашыңыз. Сосын Бетбелгі түймесін басыңыз. Өзіңіз қалаған бетбелгіні көріңіз.

 Бетбелгілерді реттеу

Бетбелгі бір рет қойылған соң, оны өшіруге не орнын ауыстыруға болады.

Бетбелгіні өшіру үшін Бетбелгі түймесін басыңыз. Сосын өшіргіңіз келген бетбелгінің қасындағы Көбірек түймесін түртіңіз. Жою түймесін басыңыз.

Бетбелгілердің орнын ауыстыру үшін Бетбелгі түймесін басыңыз. Сіз ауыстырғыңыз келген бетбелгінің жанындағы Көбірек түймесін нұқыңыз. Ауыстыру түймесін басыңыз. Бетбелгі сіз таңдаған жерге ауысады. Оқып жатқан жеріңізді жоғалтып алмау үшін, бетбелгілерді қолдана аласыз. Мысалы, Киелі кітаптың қай жерін оқып жатқаныңызды белгілеп қоюға болады.

Бұл мүмкіндіктер 2014 жылдың мамырында JW Library 1.2 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 2.3-пен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшадағы нұсқауларды орындаңыз.