Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY ҚОСЫМШАСЫ

JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид

JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид

JW Library қосымшасын ұсынамыз. Бұл қосымша Киелі кітапты оқып-зерттеуге арналған. Оның негізгі мүмкіндіктерін көру үшін, мәзір тақтасын ашыңыз. Оны ашу үшін экранның бетін солдан оңға қарай сипап өтіңіз немесе сол жақ жоғарғы бұрышындағы Мәзір түймесін басыңыз.

 Киелі кітап

Киелі кітап деген бөлімнен Киелі кітапты оқуға және әртүрлі аудармаларын жүктеуге болады. Алдымен кітапты, сосын оқығыңыз келген тарауды таңдаңыз. Оқу барысында сілтемелерді, тоғыспалы сілтемелерді және басқа да аудармаларды Зерттеу тақтасынан таба аласыз.

Басқа тармақты көру үшін мәзір тақтасын ашып, қайтадан Киелі кітап бөлімін таңдаңыз. Сонда Киелі кітаптың мазмұны ашылады.

 Басылымдар

Басылымдар бөлімінде әдебиеттер, аудио және бейне басылымдар орналасқан. Басылымды таңдап, оқитын мақаланы ашыңыз. Оқу барысында келтірілген жазба орындарын аша аласыз. Сілтемені бассаңыз, ол Зерттеу тақтасында ашылады. Ал Зерттеу тақтасында тармақты бассаңыз, ол Киелі кітаптың өзінен ашылады.

Басқа басылымды көру үшін мәзір тақтасын ашып, қайтадан Басылымдар бөлімін таңдаңыз. Сонда басылымдар тізімін көресіз.

 Күнделікті тармақ

Мәзір тақтасын ашып, Күнделікті тармақты бассаңыз, бүгінгі тармақ шығады.

 Онлайн

Мәзір тақтасындағы Онлайн бөлімінде ресми веб-сайттарымызға сілтемелер келтірілген.

 Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз

JW Library қосымшасының соңғы мүмкіндіктерін қолдана алу үшін, құрылғыңызға жаңартуларды орнатып отырыңыз.

Құрылғыңызға арналған Андроидтің соңғы нұсқасын орнатып отырғаныңыз жақсы. Бұл жайлы көбірек мәлімет алу үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://support.google.com/nexus/answer/4457705.

Құрылғыңыздың параметрлеріне кіріп, қосымшаларды (қолданбаларды) автоматты жаңартуды қосып қойсаңыз, өзіңізге ыңғайлы болады. Бұл жайлы көбірек мәлімет алу үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://support.google.com/googleplay/answer/113412.