Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY

Мәтінді белгілеу. Андроид

Мәтінді белгілеу. Андроид

JW Library қосымшасында басылымдарды оқып-зерттеу барысында сөздер мен сөйлемдерді белгілей аласыз.

Мәтінді белгілеу үшін, келесі нұсқауларды орындаңыз:

 Жаңа белгілеу қосу

Мәтінді белгілеудің екі жолы бар.

Сөзді нұқып, оны басып тұрыңыз. Қажет болса, саусағыңызбен мәтіннің белгіленген ауқымын өзгертіңіз. Пайда болған мәнмәтін мәзіріндегі Белгілеу түймесін басыңыз. Содан кейін бояғыңыз келген түсті таңдаңыз.

Сөзді не тіркесті бір түрткенде белгілегіңіз келсе, нұқып, сәл ұстап тұрыңыз да, белгілеу ауқымын әрі қарай жылжытыңыз. Жылжытып жатқанда, мәтін белгіленеді. Белгілеп болған соң, мәнмәтін мәзірі тағы да шығады. Бұл мәзірді белгіленген мәтіннің түсін өзгерту үшін не оны өшіру үшін қолдана аласыз.

 Белгілеуді өзгерту

Белгілеудің түсін өзгерту үшін, белгіленген мәтінді нұқыңыз. Сосын басқа түсті таңдаңыз. Белгілеуді өшіру үшін, белгіленген мәтінді нұқыңыз. Сосын Өшіру түймесін басыңыз.

Бұл мүмкіндіктер 2015 жылдың қарашасында JW Library 1.6 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 4.0-мен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшасының нұсқауларын орындаңыз.