JW LIBRARY ҚОСЫМШАСЫ
Қосымшаны өзіңізге ыңғайлап қолданыңыз. Андроид
JW Library қосымшасын өзіңізге ыңғайлы етудің бірнеше жолы бар. Мысалы, тарауды не мақаланы ашып, экранның жоғарғы жағындағы шарлау үстеліне назар аударайық.
Қосымша мүмкіндіктерді көру үшін, шарлау үстеліндегі Көбірек түймесін түрту керек.
JW Library қосымшасын өзіңізге ыңғайлы ету үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:
Тілін ауыстыру
Оқып жатқан тараудың не мақаланың тілін ауыстыруға болады.
Тілдер түймесін бассаңыз, бұл мәліметтің тағы қандай тілдерде бар екенін көре аласыз. Жиі қолданыстағы тілдер тізімнің басына шығып тұрады. “Күзет мұнарасының” жеңілдетілген басылымы да осы жерде тұрады. Керекті тілді теріп те табуға болады.
Әлі жүктелмеген тілдердегі басылымдардың бұлт белгісі болады. Белгілі бір тілдегі басылымды жүктеу үшін оны басыңыз. Басылым жүктелген соң, бұлт белгісі көрінбей қалады. Басылымды оқу үшін оны қайтадан түртіңіз.
Мәтінді баптау
Өзіңізге оқуға ыңғайлы етіп қаріптің көлемін өзгерте аласыз.
Мәтінді баптау түймесін нұқыңыз. Сосын жолақты жылжытып, мәтінді кішірейтіңіз немесе үлкейтіңіз. Таңдалған қаріп көлемі қосымшадағы барлық басылымдарға қолданылады.
Сурет не мәтін түрінде көру
Кей басылымдарды сурет не мәтін түрінде қолдануға болады. Оларды мына түймешікті нұқып, ауыстыруға болады.
Сурет түрі. Сурет түріндегісі басылымның қағазға басылған нұсқасымен бірдей. Мысалы, ноталары бар ән кітабы сияқты басылымдарды сурет түрінде қолдануды қаларсыз.
Мәтін түрі. Басылымның мәтін түріндегісінде Киелі кітап сілтемелерін нұқып ашуға болады. Олардың қаріп көлемі сіз таңдағандай болады.
Басқа жерден ашу
Басқа жерден ашу түймесі арқылы JW Library қосымшасындағы мәліметтерді басқа қосымшаларда ашуға болады.
Бұл үшін Басқа жерден ашу түймесін басыңыз. Мысалы, Онлайн кітапхананы таңдап, оқып жатқан басылымды “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасынан” аша аласыз.
Киелі кітаптарды реттеу
Басылымдағы Киелі кітап сілтемесін түртіп ашуға болады. Жазба орындарының астында орналасқан Реттеу түймесін нұқып, жүктелген Киелі кітаптардың қайсысын тізімде көргіңіз келетінін таңдаңыз.
Қосу не Өшіру түймешігін басып, аудармаларды қосуға не өшіруге болады. Тізімді реттеу үшін Киелі кітаптарды төменге не жоғарыға жылжытыңыз.
JW Library қосымшасында басқа Киелі кітап аудармаларын қалай жүктеуге болатыны туралы “Киелі кітаптарды жүктеу және қолдану. Андроид” деген бейнероликті көріңіз.
Бұл мүмкіндіктер 2015 жылдың ақпанында JW Library 1.4 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 2.3-пен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшадағы нұсқауларды орындаңыз.