JW LIBRARY
Ойнату тізімдерін қолдану
Жеке зерттеу деген жерде сіз видеолардың, аудиолардың және суреттердің тізімін жасай аласыз. Мысалы:
Сүйікті теократиялық әндер тізімін
Қызметте қолдануға арналған видеолар мен суреттер тізімін
Баяндамаға қажет суреттер тізімін жасап, оны аппаратурада отыратын бауырластарға жібере аласыз
Ойнату тізімін жасау және оған медиаларды қосу
Ойнату тізімін жасау және оған медиаларды қосу
Ойнату тізімін жасау
Жеке зерттеу > Ойнату тізімдері деген жерге өтіңіз
Ойнату тізімін қосу батырмасын басыңыз
Ойнату тізімін жасау не Ойнату тізімін импорттау дегенді таңдаңыз
Ойнату тізімін жасау: Ойнату тізімінің атауын енгізіп, Жасау дегенді басыңыз
Ойнату тізімін импорттау: Құрылғыңыздағы бұрын жасалған ойнату тізімін импорттаңыз
Ойнату тізіміне медианы қосу
JW Library қосымшасындағы видеоларды, әндер мен өзге де аудиоларды тізімге қосыңыз
Қосқыңыз келетін медианың Тағы батырмасын басыңыз
Ойнату тізіміне қосу дегенді таңдаңыз
Осыған дейін жасалған ойнату тізімін таңдаңыз немесе Ойнату тізімін жасаңыз
JW Library-дегі суреттер
Суретті таңдаңыз
Ойнату тізіміне қосу дегенді басыңыз
Осыған дейін жасалған ойнату тізімін таңдаңыз немесе жаңа ойнату тізіміне қосу үшін Ойнату тізімін жасау дегенді басыңыз
Құрылғыдағы медиалар
Ойнату тізіміне кез келген видео, аудио және сурет қоса аласыз.
Ойнату тізімдеріне өтіңіз
Қажетті ойнату тізімін ашыңыз
Файлды импорттау дегенді таңдаңыз
Құрылғыңыздағы қажет файлды таңдап, оны импорттаңыз
Ойнату тізімін өзгерту
Атауын өзгерту
Ойнату тізімінің атауын өзгерту:
Егер сіз Ойнату тізімдерінің бөлігінде болсаңыз, атауын өзгерткіңіз келген ойнату тізімінің Тағы батырмасын басып, Атауын өзгерту дегенді таңдаңыз және жаңа атауды енгізіңіз
Егер сізде ойнату тізімі ашық тұрса, Атауын өзгерту дегенді таңдаңыз және жаңа атауды енгізіңіз
Ойнату тізімдерінің медиасының атауын өзгерту:
Медианың Тағы батырмасын басыңыз
Атауын өзгерту дегенді таңдаңыз және жаңа атауды енгізіңіз
Ойнату тізіміндегі медиалардың орнын ауыстыру
Медиалардың орнын ауыстыру үшін оны басып тұрып, қажет орынға жылжытыңыз
Бастапқы әрекетті өзгерту
Ойнату тізімінің медиасы ашылған кезде олар бірден ойнатылады. Алайда Баптаулар деген жерден оны өзгертуге болады. Екі нұсқаның бірін таңдаңыз: Ойнату немесе Кідіру.
Соңғы әрекетті өзгерту
Ойнату тізіміндегі медиа ойнатылып болған соң не істеу керектігін таңдаңыз:
Соңғы әрекет деген батырманы басыңыз
Қажетті әрекетті таңдаңыз
Әдетте қосымшада Жалғастыру деген нұсқасы таңдалып тұрады. Сіз оны қосымшаның Баптаулар деген жерінен өзгерте аласыз.
Соңғы әрекет |
Не істейді |
---|---|
Жалғастыру |
Келесі медиа ашылады |
Тоқтату |
Медиа ойнатылып болған соң ойнату тізімі ашылады |
Кідіру |
Медианың ойнатылуы тоқтап, келесісі ашылмайды |
Қайталау |
Медиа қайтадан ойнатылады |
Ойнату тізіміндегі медианы кесу
Кесу функциясы арқылы үлкен көлемді видеоны не аудионы кесіп, оның керекті бөлігін ғана ойната аласыз.
Ойнату тізіміндегі кескіңіз келген медианы таңдап, Тағы батырмасын басып, Кесу дегенді таңдаңыз
Егер видео ойнатылып жатса, Баптаулардың ішінен Кесу дегенді таңдаңыз
Кескіңіз келген бөліктің басталатын және аяқталатын уақытын белгілеңіз
Ол үшін түймені басып тұрып, кескіңіз келген бөліктің басына және аяғына апарыңыз
Ойнату батырмасы арқылы кесілген видеоны көріп шығыңыз
Ойнату тізімін жіберу
Жіберу батырмасы арқылы Ойнату тізімін басқа біреуге жібере аласыз.
Егер сіз Ойнату тізімдерінің бөлігінде болсаңыз, атауын өзгерткіңіз келген ойнату тізімінің Тағы батырмасын басып, Жіберу деген жерден жіберу жолын таңдаңыз
Егер сізде ойнату тізімі ашық тұрса, Жіберу дегенді басып, жіберу жолын таңдаңыз
Пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациялары арқылы сіз ойнату тізімдерінің медиаларын ауыстыра аласыз.
Windows |
macOS |
|
---|---|---|
Ойнату тізіміндегі алдыңғы медиа |
Pg Up |
Fn+↑ |
Ойнату тізіміндегі келесі медиа |
Pg Dn |
Fn+↓ |