Мазмұнға өту

Деректерді қорғау саясаты

Деректерді қорғау саясаты

Ехоба куәгерлерінің ұйымы Киелі кітаптың принциптеріне сай, жеке бастың құпиясын сақтау құқығын құрметтейді. Біздің ұйым өзара байланыс ашық та, шыншыл болуы тиіс екенін түсінеді, әрі осы мақсатта жеке мәлімет жиналуы мүмкін. Бұл Ехоба куәгерлерінің мүддесінің алға басуына және діни іс-шараларының қоғамның игілігіне асуына септігін тигізеді. Осы орайда мәліметтің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туады (Нақыл сөздер 15:22; 25:9). Құпиялық сақтау өте маңызды (Нақыл сөздер 20:19).

Кей елдерде мәліметтерді қорғауға қатысты жеке бастың құпиясын сақтау заңнамалары бар. Ехоба куәгерлерінің ұйымы Құпиялық саясаты заң бойынша талап етілмеген кездің өзіне оны ұстанған, осы құжатта көрсетілгендей, әрі қарай да солай ете бермек.

Қолдану аясы

Бұл саясат Ехоба куәгерлерінің бүкіл ұйымында қолданылады, оны дүниежүзіндегі барлық филиалдар ұстанады.

Деректерді қорғау

Ехоба куәгерлерінің ұйымы барлық дербес деректерге қатысты келесі қағидатты ұстанады:

  1. Дербес деректер әділ әрі заңды түрде өңделеді.

  2. Дербес деректер Ехоба куәгерлерінің діни және қоғамның игілігіне бағытталған іс-шараларын жүзеге асыру мақсатымен ғана қажеттілікке қарай жинақталады әрі өңделеді.

  3. Дербес деректер тура болады және жаңартылып тұрады. Ұйым кез келген қатені мәлім бола сала, түзетіп отырады.

  4. Дербес деректер ұйымның заңды мақсатына(тарына) қажет болған мерзімге дейін ғана сақталады.

  5. Дерек иелеріне тиісті құрмет көрсетіледі.

  6. Дербес деректер рұқсатсыз не заңсыз түрде қолданылмау үшін, арнайы техникалық әрі ұйымдық шаралар жасалады. Электронды дербес деректер кілтсөз қойылған компьютерде сақталады, әрі олар кілтсөзді білетін адамға ғана қолжетімді болады. Компьютерлер кеңселерде орналасқан, жұмыс уақыты біткен соң, бұл кеңселер бөтен адам кіре алмау үшін құлыптанады.

  7. Дербес деректер Ехоба куәгерлерінің ұйымының діни және қоғамның игілігіне атқарылатын іс-шаралары үшін қажет болмаса, басқа филиалдарға жіберілмейді. Бұл орайда Ехоба куәгерлерінің бәрі Куәгер болуды өз еркімен шешкені ескеріледі.

Деректер иесінің құқықтары

  1. Ехоба куәгерлері ұстанатын осы Құпиялық саясатқа сай, деректер иесі жеке деректерінің қорғалуына, өзгертілуіне, жойылуына құқылы.

  2. Дерек иесі осы бөлімде жазылғандарға сұраныс жасаса, өзінің кім екенін куәландыратын толық мәлімет беруі тиіс.

  3. Егер деректер иесі өзі жайлы деректерге қол жеткізуге, өзгертуге не жоюға сұраныс жасаса, ұйым оның өтінішін мұқият қарастырады. Қарастыру барысында ұйымның мүддесі мен заңды құқықтары назарға алына отырып, келесі жайттар ескеріледі: дербес деректердің қолжетімділігі, өзгертілуі не жойылуы ұйымның діни бостандығына не басқа жағынан оған қауіп төндірмеуі тиіс.

  4. Ұйымымыз Ехоба куәгері болып табылатын адамның деректерінің сақтаулы болғанын қалайды. Мұндай мәліметтің жойылуы ұйымымыздың діни нанымдары мен іс-шараларына кері әсер етер еді.

Апелляциялық шағым жасау құқығы

Деректер иесі құқығы бұзылды деп есептеген жағдайда, филиал комитетіне хат жазуына болады. Хат шағым жасауына негіз болған әрекеттен кейінгі екі апта ішінде жазылуы тиіс.